Қыркүйек айында жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерден түскен міндетті медициналық сақтандыру жарналарының жалпы көлемі 5,7 млрд теңгеге жуықтады.

МӘМС жүйесі іске қосылғанан бастап бүгінгі күнге дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі шотына 12,3 млрд теңге қаржы аударылды. Оның 9,8 млрд теңгесі (79% жуығы) жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған жарнасы болса, 2,4 млрд теңгесі (21% жуық) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр.

Бұған дейін хабарланғандай, 2017 жылы 1 шілдеде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң күшіне енген болатын. Заң бойынша, жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар шілденің бірінен бастап міндетті сақтандыру жарнасын аударуы тиіс.

Осы нормаға сәйкес, жұмыс берушілер ай сайын қарамағындағы жұмыскер жалақысының 1 пайызы көлемінде аударым жасайды.  Бірақ аударылатын сома мөлшері 3669 теңгеден аспауы тиіс (15 ЕТЖ-ның (ең төменгі жалақы) 1%).

Жеке кәсіпкерлер мен осы топқа теңестірілген жеке меншік адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар 2017 жылы 2 ЕТЖ-ның 5 пайызы мөлшерінде немесе 2446 теңге жарна аударады. Ал, қарамағында жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер олар үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударады.

Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалардың ай сайынғы жарнасы табысының 5 пайызын құрайды. Бірақ ай сайын жарна есептелетін жалақы мөлшері 15 төменгі жалақыдан аспауы тиіс.

03.10.2017
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
В АСТАНЕ ЖУРНАЛИСТАМ ПРЕЗЕНТОВАЛИ НОВУЮ МОДЕЛЬ ПЕРВИЧНОЙ МЕДПОМОЩИ
АСТАНАДА ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЖАҢА МОДЕЛІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бүгін Астана қаласының №5 қалалық емханасында баспасөз туры өтті. Оған журналистер мен БАҚ өкілдері қатысып, жаңғырту жұмыстарының нәтижелерімен танысып, елордадағы алғашқы медициналық-санитарлық көмектің дамуы перспективаларын талқылады.
25.07.2025
ИП И ОСМС-2025: ЧТО ВАЖНО ЗНАТЬ ПРО ВЗНОСЫ И ЛЬГОТЫ
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР МӘМС ТӨЛЕМДЕРІ МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕР ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?
Жеке кәсіпкерлер үшін МӘМС-ке тұрақты түрде жарна төлеу маңызды. Себебі бұл сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік беретін мәртебені сақтауға септігін тигізеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2025 жылы жарналарды қалай дұрыс әрі ыңғайлы төлеу керектігін түсіндірді.
24.07.2025
ТОП ВОПРОСОВ ПО ОСМС
МӘМС ТУРАЛЫ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмек алу мәселесі бойынша жиі қойылатын сұрақтардың жаңа топтамасын дайындады. Олардың басым бөлігі сақтандыру мәртебесіне қатысты.
22.07.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу